10 Маус 2022
Страницы Шамшырак

Ата-аналарға

БАЛАНЫ БАЛАБАҚАШАҒА БЕЙІМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕ


⠀⠀Баланың балабақшаға үйренуі үш деңгейде қарастырылады:☝
▶️ Жеңіл үйрену.
Бала жаңа ортаға бір айдың шамасында бейімделеді. Мұнда бөбектің тамаққа тәбеті бір аптаның ішінде, ұйқысы 1-2 аптаның ішінде үйдегі үйреншікті қалпына түседі. Аяқ астынаа ауруға ұшырамайды.
▶️ Жеңілдеу үйрену.
Баланың ұйқысы мен тамағы 20-40 күн шамасында бұрынғы қалпына келеді. Ай бойы қит етсе, көңіл – күйі бұзылып, жылай береді.
▶️ Ауыр үйрену.
Күні бойы жылап сықтаудан көз ашпайды. Тәрбиеші үнемі көтеріп, не жетектеп жүруді талап етеді. Жүйексіне жүк түскен сәби ауруға шалдығады. Психикасы бұзылып, ой – өрісінің дамуы тежелуі мүмкін.

⠀⠀Ондай жағдай болмау үшін ата – ана төмендегі жағдайларды ескеру керек:

📝 Алғашқы күні балаңызды балалардың серуені кезінде алып келіңіз. Бұл орын үйіңіздің алдындағы аулаға ұқсайдындықтан, бала көп жатсына қоймайды, балалармен, тәрбиешімен танысуға ыңғайлы.
📝 Егер бала бейтаныс адамдарға жақындамаса, күштеп, зорлап әрекет жасаудан аулық болыңыз. Бала бейтаныс адамдарға біртіндеп үйренеді.
📝 Баланың балабақшада болған күнін көбейте отырып, үйдегі жағдайды балабақшадағы күн тәртібіне ұқсас ұйымдастырыңыз, балаңызды өз бетімен киінуге, шешінуге, тамақтануға, беті- қолын жууға т.б. үйретіңіз.
📝 Кешке жақын балаңызды балабақшадан алып қайтарда ата – аталар балалрына қалай келетінін, қандай көңіл – күймен қарсы алатынын, балалар бір – бірімен қалай қоштасытынын бақылаңыз. Бұл балаңыздың балабақшаға еркін келуіне жол ашады.
📝 Балабақшадан қайтарда балаңыздан кіммен достақаны, қандай ойыншықпен ойнағаны туралы сұрап біліңіз. Жақсы істеріне үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз.
📝 Алғашқы аптада балаңызды уақытында алып кетіп жүріңіз. Бала балабақшада жалғыз қалып қойса, қорғансыз, керексіз адам ретінде сезінеді, балада айналасындағы адамдарға деген сенімсіздік пайда болады.
📝 Үйде балаңызбен бірге балабақша туралы ойын ойнаңыз. Балабақшада ойыншықтар қайда тұратын, қандай ойыншықпен ойнағысы келетінін біліңіз, достарын табуға көмектесіңіз. Ойын арқылы балңыздың балабақшадағы қиындықтарын шеше аласыз.🌺

Мектепке дейінгі жастаға бүлдіршіндерді қалай мақтау керек?

Мектеп жасына дейінгі балаға баға қоймайды, жалақы төлемейді. Сондықтан ол үшін ата-анасының мақтауы – оның жақсы әрекетінің негізгі «бағасы». Баласына жақсылық тілейтін әрбір ата-ана баласын қолдап-қолпаштап отыру керек. Баласының өзіне сенімді, өмірді жақсы көріп өсуіне жағдай жасау керек. Бірақ әрбір ата-ана баланы қалай мақтау керектігін біле бермейді. «Артық қыламыз деп, тыртық қылып алмау» үшін не істеу керек?

1️⃣ Баланы нақты ісі үшін ғана мақтаңыз
Мақтаған кезде, бала нені жақсы істегенін және не үшін ол жақсы іс болып саналатынын түсінетіндей болу керек. Мысалы, егер оның жақсы суреті үшін мақтасаңыз, «мына күннің суретін қанда әдемі салғансың! Мына торғайың тура шығыпты» деп нақты не үшін мақтап отырғаныңызды білдірген жөн. «Жарайсың! Нағыз суретшісің» деген жалпылама сөздерден қашыңыз.

2️⃣ Мақтаумен бірге балаға жылы жүз танытып, күлген, құшақтаған, сүйген дұрыс.
Сәбиіңіз сіздің одан «құтылуы» үшін мақтап тұрмағаныңызды, оның іс-әрекетіне шынайы қуанып тұрғаныңызды сезіну керек. Психологтар баланы күніне кем дегенде төрт рет құшақтап, сүю керектігін айтады.

3️⃣ Баланы басқалармен салыстырмаңыз!
Баланы даттаған кезде де, мақтаған кезде де «ананың баласын қарашы» деген салыстырулардан мүлдем аулақ болу керек. Оны біреуден артық көрсетіп мақтау арқылы, сіз оның бойында менмендікті тәрбиелеуіңіз мүмкін.

4️⃣ Ұсақ-түйектің бәріне бола мақтаудың қажеті жоқ.
Онда мақтауыңыздың құны түсіп кетеді. Кез келген нәрсеге мақтай берсеңіз, кейін бала әр қимылы мен әр сөзіне мақтау күтетін болады.  Олай істей беру мүмкін емес. Сондықтан мақтамай қалсаңыз, тағы ренжіп, түсінбей қалуы мүмкін.

5️⃣ Мақтаған кезде баланың сол іске салған еңбегі мен жұмсаған күшіне назар аударуға тырысыңыз.
Оның табиғи дарынан гөрі (күші, икемділігі), біраз күш жұмсаған жетістіктеріне мән беріп, соларды ерекше атап өтуге тырысыңыз. Егер тырысып, беріспей жүрсе де, оны бір мақтап қоюға болады.

АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

ХХI ғасырдағы тәрбие үрдісінің күрделенуі ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарылату қажеттілігін анықтайды. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті кішігірім педагогикалық мағынада олардың тәрбиеші ретіндегі сауаттылығын дәрежесін білдіреді және отбасылық және қоғамдық тәрбиеде көрінеді.

⠀⠀Педагогикалық мәдениет туралы ойлар мен ережелер, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, олардың отбасылық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлдері, көптеген педагогтер, психологтар, жазушылар, философтаар, қоғам қызметкерлерімен зерттеліп, дайындалған: А.Адлер, К.Д.Ушинский, В.В.Розанов, П.Ф.Лесгафт, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және басқалары.

⠀⠀Ата-аналардың тәрбиелік және білім беру қызметінің негізгі болып, олардың педагогикалық мәлениеті саналды, ол өз кезегінде отбасылық тәрбиеде қателіктерді болдырмауға және қалыпсыз жағдайларда дұрыс шешім табуға ықпалын тигізеді. Өздерінің педагогикалық мәдениетін көтере отырып, ата-аналар баланың даму үрдісін бұрынғыдан тереңірек түсіне біледі, демек, баланың әлеуметтік ортаға бейімделуінде маңызды көмек көрсете алады деген сөз.

⠀⠀Ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне деңгейін жоғарылатудың негізгі міндеттері.
👨‍👩‍👧‍👦 Ата- аналардың балаларды тәрбиелеудегі мақсаттарды ұғына білуі;
👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналардың әрбір жеке тұлғаның дамуындағы бірегей ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсіне білу;
👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес балалардан талап етуді қалыптастыру және дұрыс түсіндіре білуі;
👨‍👩‍👧‍👦 Баланың тұлғасын дамытудың нақты педагогикалық жағдаятына ата-аналардың барабар шешім қабылдай алуы:
👨‍👩‍👧‍👦 Ата аналардың педагогикалық сәйкес жағдайларды, әдістер мен тәсілдеріді дұрыс тандай білуі мен оларды сауатты пайдалана алуы.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар